Спортшы 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 84 келіде күміс жүлдегер атанған
48 жастағы кубалық Йоэль Ромеро еркін күреске қайта оралып, Пэт Дауниді ірі есеппен жеңді. UFC-де табысты өнер көрсеткен балуан АҚШ-та еркін күрес лигасында бақ сынады.
Бұл жолы Йоэль Ромеро америкалық балуан Пэт Дауниді 12:0 есебімен жеңіп, айқын басымдыққа ие болды. 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен «қарт» балуан RAF 4 турнирі аясында өнер көрсетуге ниет танытқан еді.
Белдесу аяқталғаннан кейін Йоэль Ромеро өзінің жанкүйерлеріне жақсы таныс сүйікті акробатикалық трюгін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Айта кетейік, Ромеро ММА мен еркін күрес аренасында бірдей жоғары жетістіктерге жеткен сирек спортшылардың бірі. Оның 48 жасында осындай деңгейде өнер көрсетуі спорт әлемінде үлкен резонанс тудырып отыр. Спортшы 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 84 келіде күміс жүлдегер атанған. Сонымен бірге, 1999 жылы әлем чемпионатында топ жарды.