Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

81 жастағы Хасан Мұстафа Халықаралық гандбол федерациясын басқаратын болды

22.12.2025, 10:39

Ол - әлемдік гандболдағы ең ықпалды спорт адамдардың бірі

81 жастағы Хасан Мұстафа Халықаралық гандбол федерациясын басқаратын болды
Getty Images

Халықаралық гандбол федерациясына 81 жастағы Мысыр өкілі президент болып сайланды.

81 жастағы Хасан Мұстафа сайлауда дауыс берушілердің 73 пайызының қолдауына ие болып, Халықаралық гандбол федерациясыны (IHF) президенті лауазамын қайта жалғастыратын болды.

Хасан Мұстафа - әлемдік гандболдағы ең ықпалды спорт адамдардың бірі. Ол кәсіби спорттағы жолын гандболшы ретінде бастап, ұзақ жылдар бойы осы спорт түрінің дамуына үлес қосқан қайраткер ретінде танылған.

Ал спортшы ретінде Мысырдың әйгілі «Аль-Ахли» клубында 15 жыл ойнаған. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 10 жылға жуық өнер көрсеткен атлет. Мансабын аяқтаған соң жаттықтырушылыққа бет бұрып, 1998 жылы Мысырдағы үздік бапкер атанған. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі гандбол төрешісі болуымен есте қалды.

Кейін Мысыр гандбол федерациясының президенті, Мысыр Олимпиада комитетінің бас хатшысы қызметтерін атқарып, 2000 жылы Хасан Мұстафа Халықаралық гандбол федерациясының (IHF) президенті болып алғаш рет сайланды. Содан бері ол бұл ұйымды үздіксіз басқарып келеді.

Бүгінде IHF құрамына 200-ден астам ұлттық федерация кіреді. Халықаралық турнирлердің ауқымы кеңейіп, гандболдың әлемдік деңгейде танымал спорт түрлерінің бірі саналады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам