Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Еуропаның үш дүркін чемпионы атанған биатлоншы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Бүгін, 11:35

Спортшының өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз

Еуропаның үш дүркін чемпионы атанған биатлоншы жұмбақ жағдайда қайтыс болды
championat.com

Биатлоннан Еуропаның үш дүркін чемпионы, норвегиялық спортшы Сиверт Баккен өмірден өтті. Қайғылы хабарды Норвегия биатлон қауымдастығының бас хатшысының міндетін атқарушы Эмили Нордскар хабарлады.

Спортшының өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз. Эмили Нордскардың айтуынша, қазіргі таңда Италия билігімен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ең алдымен Сиверттің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Бұл қиын кезеңде командадағы әріптестерінен сабыр сақтауды сұраймыз», - деді ол.

Сиверт Баккен Италияның Лавазе қаласындағы қонақүй нөмірінен өлі күйінде табылған. Ол биатлоннан Әлем кубогы кезеңдерінің бірінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ Еуропа чемпионатында үш мәрте алтын медаль иеленген.

Сонымен қатар 2016 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында екі алтын және бір күміс жүлде жеңіп алған.

Айта кетейік, Сиверт Баккен 21 желтоқсанда Францияда өткен Әлем кубогы кезеңінде масс-старт жарысына қатысып, 20-орынға тұрақтаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам