Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Алмат Кебісбаев басшылық қызметке тағайындалды

27.12.2025, 10:48

Кебісбаев - грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері

Алмат Кебісбаев басшылық қызметке тағайындалды
әлеуметтік желі

Грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебісбаев Алматы қаласындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры лауазымына тағайындалды.

Алмат Кебісбаев классикалық күрестен ұлттық құрама сапында жиырма жылға жуық күрескен спортшы. Ол Лондон және Рио Олимпиадаларының қатысушысы. Үржар ауданының тумасы өз мансабында Азия ойындарында екі мәрте жүлде алса, құрлық біріншіліктерінде 6 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында 1 рет күміс (Стамбул-2011), 4 мәрте қола жүлде (Мәскеу-2010, Лас-Вегас-2015, Астана-2019, Осло-2022) иеленген.

Алмат Кебісбаев 1987 жылы дүние келген. 38 жастағы балуан жақында Алматыда өткен ел чемпионатында сынға түскенімен жүлдеге қол жеткізе алмады.

Сондай-ақ, ол ұзақ уақыт бойы U17 құрамасында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам