Жалпы алғанда, Counter-Strike 2 бойынша елдегі жетекші лига саналатын MPL by Olimpbet-тің үш маусымындағы жүлде қоры шамамен 100 мың АҚШ долларын құрады
Алматыда Counter-Strike 2 бойынша Қазақстандағы ең ірі турнир — MPL by Olimpbet лигасының үшінші маусымы мәресіне жетті. Турнирдің шешуші кезеңі халықаралық деңгейдегі командаларды, стадиондық форматтағы көрермендерді жинап, Қазақстан киберспорты үшін мазмұнды әрі қарқынды өткен жылдың қорытынды нүктесіне айналды.
MPL by Olimpbet-тің үшінші маусымы қатысушылар географиясы бойынша ел тарихындағы ең ауқымды киберспорттық дода болды. Сондай-ақ, қазақстандық турнирлер үшін бұрын-соңды болмаған 20 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры тағайындалды.
Жалпы алғанда, Counter-Strike 2 бойынша елдегі жетекші лига саналатын MPL by Olimpbet-тің үш маусымындағы жүлде қоры шамамен 100 мың АҚШ долларын құрады.

Үшінші маусымның LAN-финалы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп, халықаралық құрамдағы командаларды жинады және MPL-дің Қазақстандағы басты киберспорттық турнир ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«2025 жыл біз үшін жергілікті киберспорт сахнасын қолдау жылы болды, — дейді Olimpbet компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Геннадий Шемраев. — Биыл өткізілген MPL-дің үш маусымының өзінде қазақстандық лигаға қызығушылықтың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. LAN-финалда жоғары халықаралық рейтингке ие командалардың өнер көрсетуі — жарыс деңгейінің де, Қазақстанның әлемдік киберспорт картасындағы орнынң да күшейіп келе жатқанын көрсетеді».

MPL финалының шешуші күні төменгі тордағы матчпен басталды. Бұл кезеңде WHITEBIRD командасы Oxuji ұжымымен кездесті. Екі картада да Oxuji қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетіп, камбэк жасау мүмкіндігіне ие болды. Алайда WHITEBIRD салқынқандылық танытып, серияны 2:0 есебімен аяқтады.
Турнирдің шешуші матчында WHITEBIRD маусымның басты фавориті — Valve нұсқасы бойынша әлемнің үздік 40 командасының қатарына кіретін K27 командасымен ойнады.

Гранд-финалда интригаға орын қалмады. K27 серия барысын толық бақылауда ұстап, қарсыласына бірде-бір карта бермей, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Негізгі турнир матчтарынан бөлек, MPL Season 3 финалы киберспорт қауымдастығы үшін ауқымды мерекеге айналды. Алаңда Counter-Strike 2, FC 26 және Tekken 8 ойындары бойынша әуесқой турнирлер өтіп, ойын аймақтары мен жанкүйерлерге арналған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды.

Іс-шараның атмосферасын MOREART және Қышқыл-Тәтті (Кисло-Сладкий) орындаушылардың өнері қыздыра түсті. Сондай-ақ, арнайы қонақтар қатарында қазақстандық Counter-Strike аңызы — Дастан Ақбаев та болды.

«Жалпы, 2025 жыл Қазақстан киберспорты үшін өте мазмұнды өтті. Жергілікті де, халықаралық деңгейдегі көптеген турнирлер ұйымдастырылды. Ал MPL-дің үшінші маусымы осы жылдың логикалық әрі қуатты қорытындысы болды.
Біз офлайн бағдарламаны әдейі кеңейтіп, әртістердің өнерін, белсенді аймақтарды және шағын турнирлерді қостық. Көрермендер алаңда бір күн бойы қызықты уақыт өткізе алуы тиіс деп есептейміз. Біз үшін MPL — тек жарыс қана емес, бұл Қазақстандағы киберспорт мәдениетінің дамуына қосылған үлес», — деді MySkill компаниясының бас директоры Ярослав Мун.

MySkill Pro League — MySkill компаниясы ұйымдастырған қазақстандық киберспорт лигасы. Ол CS2 бойынша елдегі ең ірі турнирлердің қатарына кіреді. Olimpbet тарапынан көрсетілген қолдау MPL-дің ауқымын кеңейтіп, халықаралық назар аудартуға және Қазақстандағы киберспортты кәсіби әрі көрерменге тартымды етуге мүмкіндік берді.
Olimpbet — беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі. Ол спорттық жобалар мен ұйымдарды тұрақты түрде қолдайды. 2025 жылы компания MySkill Pro League-тің үш маусымын қолдап қана қоймай, Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық әйелдер киберспорт лигасын — Female Pro League-ті ұйымдастырды. Бұл лигада әлемдік CS сахнасының tier-1 деңгейіндегі командалары бақ сынады.