Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Красноярскіде Бувайсар Сайтиев атындағы көше пайда болды

28.01.2026, 11:18

Сайтиев 1996, 2004 және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған

Красноярскіде Бувайсар Сайтиев атындағы көше пайда болды
Сергей Булкин / ТАСС

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің есімі Ресейдің Красноярск қаласындағы көшеге берілді.

Белгілі балуанның атындағы көше Красноярск қаласындағы спортшының есімі берілген Олимпиадалық резервтегі спорт мектебіне жақын маңда орналасқан. Мұндай ұсыныс балуан өмірден өткеннен кейін Красноярск аймағының күрес федерациясынан келіп түскен. Кейін аталған шешім еркін күрестен 37-ші халықаралық Иван Ярыгин кубогының қарсаңында қабылданып отыр.
 
Естеріңізде болса, Бувайсар Сайтиев өткен жылдың наурыз айында 50 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол Дағыстан Республикасының Хасавюрт қаласында дүниеге келгенімен 1993 жылдан Красноярскіде белгілі бапкер Дмитрий Миндиашвилидің қол астында жаттықты.

Сайтиев 1996, 2004 және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем және Еуропа чемпионаттарының алты дүркін жеңімпазы атанған. Ол еркін күрес тарихындағы ең үздік балуандардың бірі ретінде көпшілікке танылған.

Ол Бейжің Олимпиадасындағы жеңісінен кейін спорттық мансабын аяқтап, кейін Дума депатуты болып сайланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам