Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионы атанды

05.02.2026, 16:16

Ол 20 шақырым қашықтықты бағындырды

Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласындағы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

Әйелдер арасында (элита санаты) уақытқа жарыста Ұлттық құрама спортшысы Рината Сұлтанова үздік шықты. Ол 20 шақырым қашықтықта ең жылдам болып бағындырды.

Әйелдер, 20 км. Финал нәтижесі:
1. Рината Сұлтанова (Қазақстан)
2. Йе Вин Лун (Қытай Гонконг)
3. Хао Чжан (Қытай)
 
Бұл дисциплинада (31 км) ерлер ертең сынға түседі. Спорттың бұл түрінен Азия чемпионатын Сауд Арабиясы алғаш рет қабылдап жатыр. Бәсеке 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам