Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Әзірге бестікте». Михаил Шайдоров үшінші орындағы спортшыдан 10 ұпайға қалып қойды

Бүгін, 02:49

Бірақ үшінші орындағы француз спортшысынан 10 ұпайға қалып қойды.

«Әзірге бестікте». Михаил Шайдоров үшінші орындағы спортшыдан 10 ұпайға қалып қойды
Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарламаның нәтижесі белгілі болды. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша финалға өтетін 24 спортшының тізімі анықталды.

Қазақстандық спортшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 92,94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Осы нәтижесі арқылы ол үздік 24 спортшының қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды. Бірақ үшінші орындағы француз спортшысынан 10 ұпайға қалып қойды.

Қысқа бағдарламаның үздік нәтижелері (29 қатысушы):

  1. Илья Малинин (АҚШ) – 108,16 ұпай
  2. Юма Кагияма (Жапония) – 103,07 ұпай
  3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 102,55 ұпай (жеке рекорд)
  4. Даниэль Грассль (Италия) – 93,46 ұпай
  5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 92,94 ұпай

Ерлер арасындағы шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада медалін алған жалғыз спортшы – Денис Тен. Ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам