Оған 2015 жылы мамыр айында антидопинг ережелерін бұзды деген айып тағылған
Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) еркін күрестен Афины Олимпиадасының чемпионы Қажымұрат Гацаловқа қатысты барлық айыптауларды алып тастады.
Өткен жылдың мамыр айында Гацалов еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері қызметін атқарған тұста уақытша қызметінен шеттетілген болатын. Оған 2015 жылғы мамыр айында антидопинг ережелерін бұзды деген айып тағылған. Осыдан кейін Ресейдің күрес федерациясы Гацаловты қызметінен біржола босатқан еді.
«Біз барлық айыптауларға мұқият қарадық. Сол бойынша тиісті қаржы бөлінді, тәжірибелі адвокаттар таңдалды. Нәтижесінде, Родченковтің ықпалымен жасалған және халықаралық спорт институттары арқылы қайта бағытталған барлық айыптар толықтай алынып тасталды», - деп атап өтті РФ күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили.
42 жастағы Қажымұрат Гацалов 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы. Сонымен бірге ол бес рет әлем чемпионатының, үш рет Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған. 2022-2025 жылдары Ресей құрамасының бас бапкері болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, ол бірнеше жыл бойы Алматыда еркін күрес академиясының бапкері қызметінде жұмыс істеді.