Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық шаңғышы мәреге жете алмады

18.02.2026, 16:02

Александра Скороходова мен қазақстандық шаңғышы Ростислав Хохлов үшін XXV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

Қазақстандық шаңғышы мәреге жете алмады
ҰОК

Италияның Бормио тау шаңғысы курортында өтіп жатқан Милан–Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы слалом бәсекесі жалғасуда.

Слалом бағдарламасының алғашқы айналымында Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова жарыс жолына шыққанымен, өкінішке қарай, мәреге дейін жете алмады. Алғашқы түсу кезінде ол қателік жіберіп, жарысты аяқтай алмай қалды. Бұл сында жалпы саны 95 спортшы бақ сынаған.

Айта кетейік, Скороходова бұған дейін Олимпиадада гигант слалом жарысына қатысып, қорытынды есепте 37-орын иеленген еді.

Осылайша, Александра Скороходова мен қазақстандық шаңғышы Ростислав Хохлов үшін XXV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Бұл – қос спортшының ересектер арасындағы алғашқы Олимпиадасы. Олар бұған дейін 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан.

Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан қысқы Олимпиада 22 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында әзірге бір ғана жүлде бар – алтын медальді мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам