Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Милан Олимпиадасы: Қазақстандық фристайлшы жарыс кезінде екі рет құлады

18.02.2026, 16:06

Жалпы есепте 21-орынға тұрақтады

Милан Олимпиадасы: Қазақстандық фристайлшы жарыс кезінде екі рет құлады
Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

Бұл сында Қазақстан құрамасының өкілі, IX қысқы Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас өнер көрсетті. Отандасымыз алғашқы іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, құлау салдарынан жоғары ұпай жинай алмады. Екінші мүмкіндікте де қону кезінде тепе-теңдігін жоғалтып, нәтижесінде жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

Екі кезең бойынша Аяна Жолдастың ең жоғары нәтижесі 61.11 балл болып, жалпы есепте 21-орынға тұрақтады. Осылайша ол үздік 12 спортшының қатарына еніп, финалдық кезеңге жолдама ала алмады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалға алғашқы іріктеуде үздік алты спортшы және екінші кезеңде ең жоғары ұпай жинаған тағы алты фристайлшы өтті.

Финал-1 кезеңі бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Бұл кезеңде 12 спортшының алтауы шешуші үлкен финалға шығады.

Бұл – 24 жастағы Аяна Жолдастың Олимпиада ойындарындағы екінші қатысуы. Ол 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасында 24-орын алған болатын.

Ерлер арасындағы фристайл-акробатика іріктеу бәсекесі ертең өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам