![Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/02/13/65cb037d76066662823107.webp)
Жарысқа 20-ға толмаған спортшылар қатысады
Астана қаласында 10-13 наурыз күндері аралығында Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.
Дәстүрлі жарыс белдесулері 11 наурыз күні басталады.
Мәскеу Олимпиадасында 48 келіде жеңімпаз атанған Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Күрес түрлері бойынша қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін чемпионы.