Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елуге таяған өзбекстандық гимнаст Олимпиадаға тоғызыншы рет қатысқалы отыр

14.02.2024, 14:37

Осылайша ол қатысу саны жағынан әлемдік рекордты жаңартпақшы

Елуге таяған өзбекстандық гимнаст Олимпиадаға тоғызыншы рет қатысқалы отыр
РИА Новости

Өзбекстандық гимнаст Оксана Чусовитина биыл 9-шы рет Олимпиада ойындарында бақ сынауға бел буды. 1992 жылдан бері төртжылдықтың ойындарына тұрақты қатысып келе жатқан атлет Парижде кезекті рет рекорд орнатпақшы.

Өзбек елінің Ұлттық Олимпиада комитеті ардагер спортшының 15-18 ақпан аралығында Каирде өтетін әлем кубогының бірінші кезеңінде бақ сынайтынын мәлімдеді. 48 жастағы Чусовитина Париж олимпиадасының жолдамасы үшін сынға түседі. 

Бұған дейін 8 мәрте Олимпиада ойындарында бақ сынаған гимнаст әлемдік рекорд орнатқан. Ол 1992 жылы Барселонада өткен ойындарда ТМД елдерінен құралған команда қатарында сынға түсіп, чемпион атанды. Ал 2008 жылы Бейжіңде күміс медальға ие болды. Сонымен қатар, әлем чемпионаттарында үш рет топ жарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам