Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ризабек Айтмұхан ауыр қайғыға душар болды

30.03.2026, 23:34

Балуан атасын ақтық сапарға шығарып салған

Ризабек Айтмұхан ауыр қайғыға душар болды
Әлеуметтік желі

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның атасы өмірден озып, ауыр қайғыға ұшырады.

Бұл туралы танымал балуан көпшілікке қаралы хабарын естіртіп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Бүгін мен қанатымнан айырылдым. Айтмұхан атамнан айырылдым. Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, Ата… бірақ үлгермедім. Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер. Бұл - ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт. Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын», - деп жазды балуан.

Ризабек Айтмұхан еліміздің еркін күрес тарихында әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Ол жақында Ташкентте өткен Professional Wrestling League ұйымының PWL 11 турнирінде ресейлік Алихан Кцоевпен белдесіп, жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, спортшы 17 наурызда Таразда 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен Қазақстан чемпионатынде 125 келіде ел үздігі атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам