Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жетісу облысы әкімінің орынбасары әр сенбіде қызметкерлерін спорттық жаттығу жасауға міндеттей ме?

16.02.2024, 10:44

Қарапайым қызметкерлер журналистен ара түсуін сұраған

Жетісу облысы әкімінің орынбасары әр сенбіде қызметкерлерін спорттық жаттығу жасауға міндеттей ме?
скрин: Telegram

Талдықорғанда әкімдік қызметкерлері басшысының үстінен шағымданып отыр. Олардың айтуынша, облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев әр сенбіде қызметкерлерді далаға мәжбүрлеп шығарып, дене шынықтырумен айналыстырады екен.

Мұндай шағымды олар журналист Михаил Козачковқа жазған. Дәлел ретінде жаттығу жасап жүрген шенеуніктердің видеосын қоса жолдапты. 

«3 ақпаннан бастап осындай науқан бастады: әр сенбі күні сағат 9:00 бәрімізді алаңға жинап, спорттық жаттығулар жасатады және оны видеоға түсіреді. Біздің қарсылығымызға қарамайды, шықпаймыз десек қысым көрсетеді, жұмыстан кетіңдер деп айтады. Сенбі күнгі демалысты отбасымызға арнағымыз келеді», - деп жанайқайын жеткізді  әкімдік қызметкерлері.

Бюрократиямен айналысқанша спортта нақты нәтижелер көрсетуі тиіс деп сөзін түйген арыз иелері.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам