Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Атырау әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін, 11:23

Марат Мұрзиев барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Атырау әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев шотокан каратэден әлем чемпионы атанды.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен WSF ұйымының 16-шы әлем чемпионатында ол 45–54 жас санатындағы (Shobu Ippon Kumite Open) бәсекеде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Турнир барысында қазақстандық спортшы бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ. Алғашқы кездесуінде Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен ұтса, кейінгі кезеңдерде де қарсыластарына дәл осындай есеппен басым түсті. Жартылай финалда Кот-д’Ивуар спортшысы Франк Лоусонды 2:0 есебімен жеңіп, финалда да жеңісін жалғастырып, чемпион атанды.

Әлем біріншілігіне Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка елдерінен келген спортшылар қатысты.

Айта кетейік, Марат Мұрзиев 2023 жылдың сәуір айынан бері Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам