Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:41

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
ҰОК

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы халықаралық додада бес медаль жеңіп алды. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олжаланды.

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам