Қазақстан ауыратлеттері биыл Париж олимпиадасына допингке байланысты қатыса алмайды
Ауыр атлетикадан кезекті ел чемпионаты аяқтады. Бұл жолғы біріншілік ҚР еңбек сіңірген бапкері Мұхтар Тұрсыновтың құрметіне арналды.
Ел чемпионатының соңғы жарыс күнінде 109 және +109 келідегі атлеттер сынға түсті. Нәтижесінде алматылық Сұлтан Мейрам 337 келіні (156+181) еңсеріп, үздік атанды. Күміс медаль Ақмола облысының өкілі Игорь Герасименкоға бұйырды. Көрсеткіші – 287 кг (124+163). Үшінші орын тағы бір алматылық ауыратлет Еділ Асқаровқа бұйырды, 286 кг (125+161).
Айта кететін жайт, әлем чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған Илья Ильин бұл салмақта серпе көтеруде 242 келіні еңсеріп, рекорд орнатқан еді. Яғни бұл чемпионаттағы нәтижемен халықаралық жарыста жүлдегерлер қатарына қосылу оңай емес.
Ал + 109 келідегі көрсеткіш төмендегідей:
Айта кететін жайт, Қазақстан ауыратлеттері биыл Париж олимпиадасына допингке байланысты қатыса алмайды. Сондықтан бұл біріншілікте топ жарған спортшылар 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес олимпиадасына дайындалудан басқа амалы жоқ.