Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді

Бүгін, 10:46

Көше Бостандық ауданындағы «Архат» шағынауданында орналасқан

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді
ҰОК

Алматыда Қазақстанның әйгілі мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің есімі қала көшелерінің біріне берілді.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы бұған дейін атауы болмаған ондаған көшеге ресми атау берілді.

Жаңа атаулар қатарында Денис Тенмен бірге Амантай Байтанаев, Хо Ши Мин, Наталия Сац, Қайым Мұхамеджанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұзафар Әлімбаев, Смайыл Өтегенов, Мауытхан Сыдықов, Бекеш Мадалиев және Анатолий Храпатый сынды елге белгілі тұлғалардың есімдері де бар.

Денис Теннің есімі берілген көше Бостандық ауданындағы «Архат» шағынауданында орналасқан.

Денис Тен – Қазақстан тарихындағы ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада медалін жеңіп алған тұңғыш спортшы. Ол 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.

Еске салайық, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыда көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің шабуылынан ауыр жараланып, 25 жасында көз жұмды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам