ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ақжол Құрманбек 358 келіні еңсеріп, Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:45

Ерасыл Сәулебеков қола жүлдеге ие болды

Ақжол Құрманбек 358 келіні еңсеріп, Азия чемпионы атанды
instagram.com/wf_rk

Өзбекстанның Ташкент қаласында жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Ақжол Құрманбек 85 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 358 келі (160+198) нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы серпе көтеруде 198 келіні бағындырды. Бұл нәтиже оған алтын медальға жол ашты.

Осы салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Ерасыл Сәулебеков қола жүлдеге ие болды. Ол қоссайыста 351 келі (154+197) көтерді.

Ал күміс жүлде 357 келі (161+196) нәтиже көрсеткен Өзбекстан өкілі Хикматилло Хайдаровқа бұйырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам