ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне жетті

Бүгін, 12:03

Ол Қытай өкілі Тань Чжунъиден бір ұпайға қалып, екінші орынға көтерілді

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне жетті
Әлеуметтік желі

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирінде Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісін тіркеді.

Төртінші турда қазақстандық шахматшы Швейцария атынан өнер көрсетіп жүрген Александра Костенюкпен кездесті. ФИДЕ рейтингінде 12-орында тұрған қарсыласымен партияда Асаубаева ақ фигуралармен ойнап, жеңіске жетті.

Бұл – Бибісараның биылғы турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол үш кездесудің барлығын тең аяқтаған еді. Қазақстандық шахматшы бірінші турда украиналық Анна Музычукпен, екінші турда үндістандық Вайшали Рамешбабумен, үшінші турда америкалық Элис Лимен тең түсті.

Осы нәтижеден кейін Асаубаеваның қоржынында 2,5 ұпай бар. Ол турнир көшбасшысы Қытай өкілі Тань Чжунъиден бір ұпайға қалып, екінші орынға көтерілді.

Тань Чжунъи төрт турдан кейін 3,5 ұпаймен жеке дара көш бастап келеді. Ал Дивья Дешмух, Ставрула Цолакиду және Элис Ли де 2,5 ұпайдан жинаған.

Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жүлде қоры – 250 мың доллар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам