Спортшы өз мансабындағы ең жоғары ұпайды жинады
Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында көпсайыс бағдарламасының финалы аяқталды.
Қазақстандық 16 жастағы Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Бұл – спортшының мансабындағы ең жоғары нәтижелердің бірі.
Көпсайыста Германия өкілі Дарья Варфоломеева 119,500 ұпаймен жеңіске жетсе, Болгариядан Стилияна Николова 117,600 ұпаймен екінші, Италия спортшысы София Раффаэли 117,550 ұпаймен үшінші орын алды.
Айта кетейік, жеке көпсайыс бәсекесінде 73 елден 102 спортшы бақ сынады.
Ақмарал Ерекешева үшін әлем чемпионаты мұнымен аяқталған жоқ. Қазақстандық гимнаст 16 тамызда таспа және ұршық жаттығуларының финалында өнер көрсетеді.