ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан грек-рим күресінен Германияда 6 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:06

Отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды

Қазақстан грек-рим күресінен Германияда 6 алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды.

Отандастарымыз аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін), Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін), Мәди Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін), Диас Кален (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам