ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

250 мың доллар: Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске таласады

Бүгін, 11:41

Асаубаеваның еншісінде 3,5 ұпай бар

250 мың доллар: Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске таласады
KazChess

Қазақстанның бесінші ракеткасы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде жеңіске жету мүмкіндігін сақтап қалды.

Алтыншы турда қазақстандық гроссмейстер америкалық Кларисса Йиппен қара түспен ойнап, партияны тең аяқтады. Осы нәтижеден кейін Асаубаеваның еншісінде 3,5 ұпай бар.

Алты турдан кейін Қытай өкілі Тань Чжунъи 4,5 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында америкалық Элис Ли — 4 ұпай. Ал Асаубаева, үндістандық Дивья Дешмух және грекиялық Ставрула Цолакиду 3,5 ұпайдан жинап, 3-5 орындарды бөлісіп тұр.

Осылайша қазақстандық шахматшы көшбасшыдан бір ұпайға ғана қалып келеді. Турнирдің аяқталуына әлі үш тур бар.

Асаубаеваның қалған партиялары:

17 тамыз – Ставрула Цолакидуға қарсы;
18 тамыз – Тань Чжунъиға қарсы;
19 тамыз – Хампи Конеруға қарсы.

Алғашқы орын бірнеше шахматшыға бұйырған жағдайда, 20 тамызда тай-брейк өткізіледі.

Айта кетейік, биылғы Cairns Cup турнирінің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам