ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Балуан Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатында алтынға таласады

Бүгін, 11:04

Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді

Балуан Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатында алтынға таласады
ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Спортшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Қазыбек Венгрия өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы – Беларусь өкілі Михаил Марковский болмақ.

Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебұлан Анапия Иран өкілі Амир Саеди Навадан жеңіліп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам