Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Тыйым салынған әдіс жасады»: бас бапкер Сметовтің жүлдесіз қалуын түсіндірді

01.03.2024, 16:09

Ол жарысты жетінші орынмен аяқтады

«Тыйым салынған әдіс жасады»: бас бапкер Сметовтің жүлдесіз қалуын түсіндірді
olympic.kz

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жарыс жолынан шығып қалған Елдос Сметовке қатысты құрама бапкері пікір білдірді. Ширек финалға дейін жеткен спортшының жұбаныш белдесуіне де қатыспау себебі белгілі болды.

Отандасымыз жартылай финалға шығар бәсекеде грузиялық Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберген еді. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов Елдостың қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданғанын атады.

«Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке "хансоку-маке" берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалғандай. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Елдос Сметов дзюдодан әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Ол жыл басында Париждегі турнирде белдесіп, екінші айналымда есе жіберген еді. Ташкенттегі турнир оның 2024 жылы қатысқан әзірге екінші бәсекесі. Сонымен бірге, ол әлемдік рейтингте 30-орында тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам