Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ташкент Grand Slam: Сметов жеңілді, Әбужақынова жартылай финалда

01.03.2024, 14:32

Қалған дзюдошылар жеңіліп, жарысты аяқтады

Ташкент Grand Slam: Сметов жеңілді, Әбужақынова жартылай финалда
olympic.kz

Дзюдодан бүгін Ташкентте басталған Гранд Слэм турнирінде Елдос Сметов ширек финалда сүрінсе, әйелдер арасында Абиба Әбужақынова жартылай финалға жолдама алды.

60 келіде ерлер арасында сынға түскен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалға дейін Куба және Грузия балуандарынан басым түскен еді. Алайда, ол ширек финалдық сында тағы бір грузин балуанымен күрес кезінде қарсыласының аяғынан ұстады деген ескертумен жарысан шығып қалды. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық қарсыласына қарсы ол татамиге шыққан жоқ.

Ал, Абиба Әбужақынова ширек финалға дейін Түркіменстан және Израиль балуандарын айқын ұтты. Ал, жартылай финалға шығар сында АҚШ балуаны Мария Лабордеден басым түсті. Енді отандасымыз финал жолдамасы үшін швециялық Тара Бабульфатпен шеберлік байқасады.

Сонымен бірге, 66 келіде 1/8 финалда күрескен Ғұсман Қырғызбаев қырғыз балуаны Қубанышбек Айбекұлынан, Жанарыс Рахметқали Израиль өкілі Барух Шамиловтен ұтылып, жарысты аяқтады. 60 келіде Нұрқанат Серікбаев ресейлік Аюб Блиевке жол берді. 48 келіде сынға түскен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуде германиялық қарсыласын жеңгенімен, екінші кездесуде ресейлік Сабина Гилазовадан айласын асыра алмады. 52 келіде Аружан Ережепова бірінші кездесу өзбек спортшысынан басым түсіп, 1/8 финалда БАӘ өкіліне есе жіберді. Осы салмақта күрескен тағы бір Қазақстан балуаны Балнұр Әбдешова бірінші белдесуінде кипрлық дзюдошыдан өте алмады. 52 келіде татамиге шыққан Бақыт Құсақбаев бірінші белдесумен Ташкент турнирін аяқтады.

Ташкент Гранд Слэмі Қазақстан дзюшылары үшін жыл басынан бері қатысып жатқан төртіншті турнир. Бұған дейін ұлттық құрама балуандары Португалия Гран Приі мен Париж және Баку Гранд слэміне қатысқан еді. Бұл сындарда Абиба Әбужақынова екі мәрте қола жүлдегер атанса, Шархан Нұрлыхан ақпан айының басында Париждегі турнирде қола медальға қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам