Қазақстан құрамасы жарысты Ботсванаға қарсы матчпен бастайды
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Самарқанда өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының бірінші турында ойнамайды.
Қазақстан құрамасы жарысты Ботсванаға қарсы матчпен бастайды. Бапкерлер штабы алғашқы турға Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиеваны шығаруды ұйғарды. Асаубаева бұл кездесуде қосалқы құрамда қалады.
Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға үшінші нөмірмен қатысып отыр. Ал Ботсвана командасы бастапқы рейтингте 97-орынға орналасқан. Қос құраманың кездесуі төртінші ойын үстелінде өтеді.
46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында ұйымдастырылған. Командалық бәсеке швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады. Әр матчта төрт шахматшы өнер көрсетеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының толық сапына Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева енген.