Михаил Шайдоров Словакияда қола жүлдеге ие болды

Жарыста бейтарап өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай еншіледі.

Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко жеңіске жетті. Ол жалпы есепте 292,09 ұпай жинады. Екінші орынды 278,80 ұпаймен Италия өкілі Даниэль Грассль иеленді.

Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам