Бұл – 24 жылдан кейін қайталанған тарих жеңіс
Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде семсерлесушілер Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды. Бұл – 24 жылдан кейін қайталанған тарих жеңіс.
Командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Тартысты бәсеке 43:42 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.
Қоржынға алтын медаль салған семсерлесушілер қатарында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов бар.
Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы командалық есепте Азия чемпионатында да алтын медаль иеленді. Сонымен қатар әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңімпаз атанды.