Бұған Тайланд құрамасының 10-алтын медалін жеңіп алуы себеп болды
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының жалпыкомандалық медаль кестесінде алтыншы орынға түсті.
Бұған Тайланд құрамасының 10-алтын медалін жеңіп алуы себеп болды. Осылайша Тайланд 10 алтын, 8 күміс және 12 қола медальмен бесінші орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір 9 алтын, 13 күміс және 23 қола медаль бар.
Медаль кестесінің көшін Қытай құрамасы бастап тұр. Қытай спортшылары 135 алтын, 53 күміс және 45 қола медаль жеңіп алған. Екінші орында – Жапония (41-68-63), үшінші орында – Оңтүстік Корея (21-26-44).
Төртінші сатыда Өзбекстан құрамасы орналасқан. Өзбекстандық спортшылардың қоржынында 12 алтын, 17 күміс және 13 қола медаль бар.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.