Қазақстандық спортшы алғашқы белдесуінде Үндістан өкілімен кездесті
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды.
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Абиба Әбужақынова ширек финалда Үндістан спортшысы Асмита Дейді 25 секундта иппонға түсірді.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.