Елдос пен Абиба финалда жапониялық туған бауырлар Кондоларға қарсы шығады

Сметов пен Әбужақынова Азиада алтыны үшін Кондолармен белдеседі

1bol.kz
1bol.kz

Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның екі дзюдошысы – Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова финалға шықты. Қызығы, екеуінің де алтын жолындағы қарсыласы – Жапония құрамасының бір отбасыдан шыққан өкілдері Хаято және Мицуки Кондо.

60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов финалға дейін үш белдесуде жеңіске жетті. Ол Оңтүстік Корея, Моңғолия және Тайбэй өкілдерін жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Финалда қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондомен кездеседі.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова Үндістан өкілін иппонмен жеңіп, кейін жартылай финалда да басым түсті. Осылайша ол Азия ойындарындағы екінші қатарынан финалына шықты. Оның алтын үшін қарсыласы – Хаято Кондоның қарындасы Мицуки.

Айта кетейік, Абиба үш жыл бұрын Ханчжоудағы Азия ойындарының финалында жапониялық Нацуми Цунодаға есе жіберіп, күміс медаль алған еді. Енді ол Азия алтыны үшін тағы да Жапония өкілімен белдеседі.

Екі финал да 30 қыркүйекте өтеді. Қазақстан уақытымен финалдық белдесулер сағат 13:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам