Қытайда Килиан Мбаппеге қатысты жарнама мен контентке шектеу қойылды

Мбаппенің әзілі Қытайда жанжал туғызды

Kohei Fujimura
Kohei Fujimura

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе Қытайда жарнамалық серіктестіктерінен айырылып, оған қатысты контент әлеуметтік желілерден өшіріле бастады. Бұған футболшының Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдун бейнесіне қатысты әзіл-әңгімесі себеп болған.

Подкасттардың бірінде Мбаппеден өзіне қатысты сүйікті интернет-мемі туралы сұраған. Футболшы өзінің бет-бейнесі Қытай Халық Республикасының негізін қалаушы Мао Цзэдунның суретіне қойылған мемді атаған. Сондай-ақ ол Қытайдың бұрынғы басшысын «қытай диктаторы» деп сипаттаған. Бұл әзіл «диктатор Мбаппе» атты мемдер топтамасына жатады.

Қытайлық компаниялар футболшының бұл сөздеріне наразылық білдіріп, онымен ынтымақтастықты тоқтата бастаған. Олардың қатарында Dongpeng Beverage, Mengniu Dairy және Eastroc тобына кіретін Bushu La бренді бар. Ал кейбір компаниялар Мбаппе бейнеленген материалдарды өз платформаларынан алып тастаған.

Шектеулер әлеуметтік желілерге де әсер еткен. Қытайдағы Migu видеоплатформасы футболшының голдары жинақталған бейнероликтерді өшірген. Сондай-ақ жергілікті әлеуметтік желілердегі «Реал Мадридтің» ресми парақшаларында Мбаппеге қатысты жарияланымдар жоғалғаны хабарланды.

Қытайлық компаниялар футболшының әрекетін ұлттық сезімге құрметсіздік деп бағалап, мұндай жағдайларға төзімділік танытпайтынын мәлімдеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам