Қырғызстанда Олимпиада жүлдегерлеріне өмір бойы стипендия төленеді

Бұған дейін оларға өмір бойғы стипендия төленбеген

akipress.org
akipress.org

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне өмір бойы төленетін ай сайынғы стипендия көлемі белгілі болды.

Мұндай қаулығы көрші елдің үкімет басшысы Әділбек Қасымалиев 9 қарашада қол қойды. Аталған құжат елдің жетекші спортшыларына стипендия төлеу туралы ережеге өзгерістер енгізуді көздейді.

Мәселен, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының алтын жүлдегерлеріне – 30 мың сом, күміс жүлдегерлер 25 мың сом, қола жүлде иегерлері 20 мың сом көлемінде ақша алады.

Сондай-ақ, ересектер арасында олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына ай сайын 20 мың сом мөлшерінде өмір бойғы стипендия тағайындалмақ.

«Егер спортшының бірнеше тиісті атағы немесе жетістігі болса, оған тек ең жоғары төлем қарастырылған бір атағы бойынша ғана стипендия төленеді. Әртүрлі жетістіктер үшін төленетін стипендияларды қосуға жол берілмейді», - деп жазылған қаулыда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам