Сондай-ақ, шетелдік маманмен келісімшарт тағы үш жылға ұзартылды
Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатынан кейін Болгария құрамасының бапкері Сослан Фарниев қызметінен кету туралы шешімін өзгертіп, ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастыратын болды.
Федерация маманның еңбекақысын екі есе арттырып, онымен келісімшартты тағы үш жылға ұзартқан.
Астанада өткен әлем чемпионатынан кейін Фарниев грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған Семен Новиковпен бірлескен жұмысының аяқталғанын хабарлаған болатын. Ол екеуі 2024 жылдан бері бірге жұмыс істеген.

Алайда Фарниевтің бұл мәлімдемесінен кейін Болгария күрес федерациясы маманмен келіссөз жүргізіп, келісімшарт талаптарын қайта қараған. Нәтижесінде бапкер алдағы үш жылда, яғни келесі Олимпиадаға дейін ұлттық құрамада жұмыс істеуге келісім берген.
«Еңбекақымызды екі есеге өсірді. Тағы үш жылға қалатын болдым», - деп жазды Сослан Фарниев әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Семен Новиков 2024 жылы Париж Олимпиадасында 87 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған. Арада екі жыл өткенде әлем чемпионатында да топ жарып, өзінің жоғары деңгейдегі спорттық бабын тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар, балуан 2025-2026 жылдары Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол – Болгария атынан күресіп жүрген украиналық спортшы.
Еске салайық, Астанада өткен әлем чемпионатында Болгарияның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы бір алтын және бір қола жүлде (97 кг) жеңіп алды.