Бибісара Асаубаева 650 мың долларлық турнирде кімдермен бақ сынайды?

Бибісара Асаубаеваның беделді турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

FIDE
FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның Будапеште өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды. 

Жеребе қорытындысы бойынша блицтен әлемнің екі дүркін чемпионы D тобына түсті. Оның алғашқы қарсыласы – америкалық гроссмейстер Уэсли Со.

Уэсли Со – АҚШ-тың үш дүркін чемпионы, Фишер шахматынан (Chess960) әлемнің бұрынғы чемпионы. Ол 2019 жылы финалда Магнус Карлсенді жеңіп, әлем чемпионы атанған.

Бибісараның тобында француз Максим Вашье-Лаграв, америкалық Ханс Ниманн және үндістандық гроссмейстерлер Арджун Эригайси мен Вайшали Рамешбабу да бар.

24 шахматшы қатысатын турнир 10 қарашада басталып, 20 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 650 мың доллар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам