Бойы 165 сантиметр, салмағы 58 келі Синдо 185 сантиметрлік, 150 келі тартатын Дорамусясиге қарсы шықты
Жапонияның ең жеңіл сумошысы Синдо салмағы 150 келіден асатын қарсыласымен кездесіп, жеңіліп қалды. Екі спортшының салмақ айырмасы шамамен 92 келі болған.
Бойы 165 сантиметр, салмағы 58 келі Синдо 185 сантиметрлік, 150 келі тартатын Дорамусясиге қарсы шықты. Белдесу басталғанда ол қарсыласымен бетпе-бет келіп, күш сынасуға тырысқанымен, алып сумошының қуатты итерісіне төтеп бере алмады. Нәтижесінде татамиден шығып, жеңіліске ұшырады.
Кездесуден кейін Синдо қарсыласының күші өзі күткеннен басым болғанын айтып, келесі белдесулерде жылдамырақ қимылдауы керегін мойындады.
Айта кетейік, Синдо сумоға қабылдау кезінде бойы мен салмағына қойылатын талаптарға сай келмеген. Алайда арнайы дене дайындығы сынағынан өтіп, кәсіпқой сумошы атанған.