Абиба Әбужақынова бастаған дзюдошылардың Загребтегі қарсыластары белгілі болды

Жарысқа 70 елден 520 спортшы қатысады

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

13–15 қараша күндері Хорватия астанасы Загребте дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді. Қазақстан құрамасы сапында әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Абиба Әбужақынова да татамиге шығады.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енген жарысқа 70 елден 520 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары да белгілі болды.

13 қараша

  • 48 келі: Абиба Әбужақынова алғашқы айналымнан босатылды. Ғалия Тынбаева италиялық Азия Аванцатомен кездеседі.

  • 52 келі: Меруерт Сәрсенова пуэрторикалық Франсин Эчевариямен, Аружан Ережепова өзбекстандық Диёра Кельдиёровамен белдеседі.

  • 57 келі: Дана Әбдірова нидерландтық Плеуни Корнелиске қарсы шығады.

  • 60 келі: Аман Бақытжан үндістандық Харш Сингхпен, Нұраділ Әлжан нидерландтық Эмиель Джарингпен кездеседі.

  • 66 келі: Нұрқанат Серікбаев алғашқы айналымнан босатылды.

14 қараша

  • 63 келі: Эсмигүл Куюлова америкалық Сара Голденмен белдеседі.

  • 70 келі: Ажар Асхат швейцариялық Джойя Ветерлиге қарсы татамиге шығады.

  • 73 келі: Данияр Шамшаев косоволық Дардан Ченамен, Бақытжан Абдурахманов венгриялық Арон Габормен кездеседі.

15 қараша

  • 78 келі: Екатерина Токарева израильдік Инбар Ланирмен белдеседі.

  • 90 келі: Ермахан Ануарбеков алғашқы айналымнан босатылды. Нұржан Бисенов словакиялық Петер Жилкамен кездеседі.

  • +78 келі: Камила Берліқаш қытайлық Тайбэй өкілі Линг Фанг Чангпен, Аида Тойшыбекова нидерландтық Кармен Дижкрстамен күш сынасады.

  • +100 келі: Ерасыл Қажыбаев украиналық Яков Хаммомен, Жантілек Нұртілепұлы германиялық Мортаза Сухамен кездеседі.

Айта кетейік, Загребтегі турнир қорытындысы бойынша дзюдошыларға әлемдік рейтингтік ұпайлар беріледі. Сондықтан бұл жарыс қазақстандық спортшылар үшін халықаралық рейтингтегі позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам