Финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттодан жеңілді
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ғалия Тынбаева жарысты күміс медальмен аяқтады.
Алтын жүлде үшін өткен шешуші белдесуде отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионы, италиялық Ассунта Скуттомен кездесті. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша қарсыласы 12:1 есебімен жеңіске жетті.
Ғалия Тынбаева финалға дейін төрт белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол италиялық Азия Аванцато мен испаниялық Эва Перес Солерден басым түсті. Ширек финалда бразилиялық Наташа Феррейраны жеңсе, жартылай финалда аустриялық Жаклин Шпрингерді «юко» бағасымен ұтты.
Айта кетейік, биылғы Загреб Гран-приіне 66 елден 462 дзюдошы қатысып жатыр. Халықаралық турнир 15 қарашаға дейін жалғасады.