Аман Бақытжан мансабында алғаш рет Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегеріне есе жіберді

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде күміс медаль иеленді. Бұл - спортшының Гран-при жарыстарындағы алғашқы жүлдесі.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарыс жолында бірнеше мықты қарсыласынан басым түсіп, финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Янг Юнг Вэймен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

Айта кетелік, дзюдошымыз ширек финалда украиналық Дильшот Халматовты, жартылай финалда словениялық Дэвид Старкелді жеңді. Сондай-ақ іріктеу кезеңдерінде Үндістан өкілі Хараш Синх пен израильдік Ариэль Шульманнан басым түсті.

Нәтижесінде, ел қоржынына Загреб Гран-при турнирінің екінші күміс жүлдесін алып келді.

Айта кетерлігі, Загреб Гран-приіне 66 елден 462 дзюдошы қатысуда. Әлемдік дода 15 қарашаға дейін жалғасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам