Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Загреб Гран-приінде алтын медаль жеңіп алды

Финалдық белдесуде отандасымыз бразилиялық Роналд Лимамен кездесті

ҰОК
ҰОК

Қазақстан дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде топ жарды.

Чемпиондық атақ сарапқа салынған финалдық белдесуде отандасымыз бразилиялық Роналд Лимамен кездесіп, қарсыласын уақытынан бұрын иппон ұпайымен ұтты.

66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде бразилиялық Кристиан Силва мен аргентиналық Минору Тамашироны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін ширек финалда португалиялық Мигель Нери Гагоны, жартылай финалда италиялық Валерио Аккоглиді қапы қалдырды.

Осы нәтижесімен Нұрқанат Серікбаев Загреб Гран-приінің алтын жүлдегері атанып, Қазақстан намысын абыроймен қорғап шықты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Загребте өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының алғашқы жарыс күнін 1 алтын, 2 күміспен аяқтады. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (-48 кг) мен Аман Бақытжан (-60 кг) күміс жүлдегер атанған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам