Бұл күні күміс пен қола медаль саны көп болды
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия пара ойындарында қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан чемпион атанды. Ядро лақтыру бойынша отандасымыздың нәтижесі 15,74 метрді көрсеткен.
Сонымен бірге, аталған спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медальға қол жеткізді. Бұл сында күміс жүлде Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысына бұйырды.
Осымен Қытайға аттанған Қазақстан спортшылары әзірге алтыншы алтын медальды иеленіп отыр.
Бұдан бөлек, бүгін сынға түскен қазақстандық спортшы Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен қола медаль жеңіп алды. Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 203 кг зілтемірді көтерді. Сондай-ақ, 73 келі салмақта өнер көрсеткен Раушан Қойшыбаева 119 кг зілтемірді көтеріп, екінші орын алды.
Ал, командалық сында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қүздік үштікті түйіндеді. Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев сынды команда мүшелері 25:19:49 уақыт көрсеткіші бойынша үздіктер қатарына еніп отыр.
Шахматтан (ТҚАЗ) қазақстандық команда жауапты сында мүмкіндігін мүлт жібермей, қола жүлдені еншіледі.
Ханчжоудағы сында отандық каратешілердің екеуі финалға шықса, тағы қос атлет қола медаль үшін сынға түсетін болды.