Командалық сайыста Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Жапонияға 0:4 есебімен жол берді
Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күні аралас командалық бәсеке өтіп, Қазақстан құрамасы алғашқы айналымда Жапонияға 0:4 есебімен жол берді.
Осылайша, отандастарымыз әлем біріншілігін бір алтын және бір қола медальмен аяқтады. 100 келіге дейінгі салмақта Санжар Еруланұлы чемпион атанса, Асқар Біржанов қола жүлдегер болды.
Ал 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Әділжан Жаудинов бесінші орынға тұрақтады.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы жетінші орын иеленді.