Аргентинаның бас бапкері Лионель Скалони велоспорттан әлем чемпионатына қатысады

Telegram WhatsApp

Скалони 45–49 жас аралығындағы қатысушылар арасында үшінші орын алған

TyC Sports
TyC Sports

Аргентина ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Лионель Скалони велоспорттан өткен Gran Fondo Siete Lagos жарысында жүлделі орынға ие болып, 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

TyC Sports басылымының мәліметінше, 48 жастағы маман Аргентинаның Патагония аймағында ұйымдастырылған жарыста 45–49 жас аралығындағы қатысушылар арасында үшінші орын алған. Ол Сан-Мартин-де-лос-Андестен Вилья-Ла-Ангостураға дейінгі 110 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 51 минут 54 секундта бағындырды. Бұл санатта барлығы 179 ер адам бақ сынаған. Жарысқа Аргентина құрамасының тағы бір жаттықтырушысы Пабло Аймар да қатысты.

Айта кетейік, биыл Gran Fondo Siete Lagos жарысы 15 жылдық тарихында алғаш рет Халықаралық велоспорт одағының (UCI) ресми күнтізбесіне еніп, әлем чемпионатына іріктеу кезеңі мәртебесін алды.

Жарыстың жүлдегерлері 2027 жылдың тамыз айында Францияның Жоғарғы Савойя аймағында өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды. Алайда әзірге Скалонидің Францияға баратыны белгісіз.

Лионель Скалони 2018 жылдан бері Аргентина құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда екі рет Америка кубогын (2021, 2024), 2022 жылы Финалиссиманы және әлем чемпионатын жеңіп алды.

Қараша айында маман Аргентина футбол қауымдастығымен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 53 870 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 200 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 464 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 513 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 268 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 153 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 266 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 796 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 307 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 294 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460