Жалғас Жұмағұлов танымал лигаға ауысып, Дубайда жекпе-жек өткізеді

Telegram WhatsApp

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon MMA промоушенімен қош айтысқан

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал ММА файтері, Oktagon чемпионы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен өтетін ACBJJ халықаралық лигасымен келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа промоушендегі алғашқы белдесуінің күнін де жариялады.

«ACBJJ лигасымен төрт белдесуге келісімшартқа қол қойдым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы белдесуімді өткіземін. Қарсыласым да өте қызық. Күтіңіздер»

деді Жұмағұлов Instagram парақшасында

Еске салайық, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon MMA промоушенімен қоштасып, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін босатқан еді. Қазақстандық файтер бұған дейін UFC-де өнер көрсетіп, 2020–2023 жылдар аралығында алты жекпе-жек өткізді.

Айта кетейік, ACBJJ (Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu) – бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен халықаралық турнирлер ұйымдастыратын лига. Бұл промоушенде Арман Царукян, Белал Мұхаммад және Мовсар Евлоев секілді танымал ММА жауынгерлері де өнер көрсеткен.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 647 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 535 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 804 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 310 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460