«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Чемпион атану үшін 7,5 ұпай жинау қажет
Швейцарияның Женева қаласында әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Гукеш Доммараджу мен өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров арасындағы текетірес жалғасуда.
Екінші партия да біріншісі сияқты тең нәтижемен аяқталды. Бұл жолы ақ фигуралармен ойнаған Доммараджу мен қара фигураларды тізгіндеген Синдаров 20-жүрісте жүрістердің үш мәрте қайталануына байланысты келісімге келді. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп тең — 1:1.
Жалпы, матч 14 классикалық партиядан тұрады, чемпион атану үшін 7,5 ұпай жинау қажет. Келесі, үшінші партия бүгін, 26 қарашада өтеді.
Айта кетерлігі, бұл кездесу шахмат тарихындағы рейтингтік алшақтығы ең үлкен чемпиондық матч ретінде тіркеліп отыр: Синдаров әлемдік рейтингте 4-орында (2782 ұпай) тұрса, қазіргі әлем чемпионы Доммараджу 26-сатыға (2710 ұпай) жайғасқан.
Еске сала кетсек, үндістандық шахматшы 2024 жылы қытайлық Дин Лижэньді жеңіп, өз атағын алғаш рет қорғауда.