«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Чемпиондық белбеуді иелену үшін шахматшылардың бірі 7,5 ұпай жинауы тиіс
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров пен қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджу арасындағы әлем тәжі үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы да тең аяқталды.
Швейцарияның Женева қаласында ұйымдастырылған бәсекеде бұл жолы Синдаров ақ фигуралармен ойнады. Алдыңғы екі партиямен салыстырғанда тартысты өрбіген ойында гроссмейстерлер 60-жүрістен кейін тең нәтижеге келісті. Осылайша, қатарынан үш партия бойы жеңімпаз анықталмай, жалпы есеп 1,5:1,5 болып сақталып тұр.
Жарыс ережесі бойынша қарсыластар классикалық уақыт бақылауымен ең көбі 14 партия ойнайды. Чемпиондық белбеуді иелену үшін шахматшылардың бірі 7,5 ұпай жинауы тиіс. Егер негізгі кезеңде есеп тең қалса, жеңімпаз рапид және блиц форматындағы тай-брейкте анықталады.
27 қараша — матчтағы алғашқы демалыс күні, ал төртінші партия 28 қарашада өтеді. Онда Гукеш Доммараджу ақ фигуралармен ойнайды.