«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Оқиға Ресейдің Түмен қаласында өткен жарыста болған
Ресейдің Түмен қаласында өткен жарыста спортшы 605 келі салмақтағы штанганың астында қала жаздады.
Оқиға 21-22 қараша күндері өткен «Ермак кубогы» турнирінде болған. Александр Костянов жарты тоннадан асатын штанганы ұстай алмай қалып, ауыр снаряд кеудесіне құлаған. Оқиға орнында болған көмекшілер бірден спортшыға жәрдемдескен.
Абырой болғанда, Костянов ауыр жарақат алған жоқ. Оның оң қолының бас бармағындағы байламдары үзіліп, кеуде тұсында гематома пайда болған. Соған қарамастан, спортшы оқиғадан кейін екі сағат өткенде жарысқа қайта оралған.
Халықаралық мультиспорт федерациясының президенті Андрей Репницынның айтуынша, штанганың грифі спортшының білегінің ішкі жағына қарай ығысып, қолынан сырғып кеткен. Оның сөзінше, мұндай ауыр салмақтағы штанга міндетті түрде білек сүйектерінің үстінде орналасуы керек. Әйтпесе оны ұстап тұру мүмкін емес.