Пара Азия ойындарында волейболшылар күміс, велошабандоздар қола жүлдеге ие болды

27.10.2023, 17:30

Спортшыларымыздың алды Қазақстанға оралды

Пара Азия ойындарында волейболшылар күміс, велошабандоздар қола жүлдеге ие болды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында параволейболдан күміс медаль иегері атанды. Финалдық сында ел құрамасы Иран командасына есе жіберді.

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы мұның алдында Пара Азия чемпионатында Парижде өтетін Паралимпиада жолдамасын иеленген еді. 

Сонымен бірге, қазақстандық велоспортшылар Пара Азия ойындарында үштікке еніп, қола жүлде иеленді. Тас жолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев 1:42:52 көрсеткішімен мерейлері үстем болды. Бұл сында чемпиондық нәтиже Оңтүстік Корея құрамасына бұйырса, күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар иеленді. 

Бұған дейін IV Азия Пара ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлер атанған спортшылардың бір легі Астанаға оралды. Оның ішінде дзюдодан сынға түскен елордалық Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов , Бауыржан Арстанбеков бүгін елордаға табан тіреп отыр. 

Жалпы Пара дзюдодан ұлттық құрама командасы Азия пара ойындарында жеңіс қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 7 қола еншілеп, жалпы есепте 2-ші орынға жайғасқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?